Қостанай қалалық соты зейнеткердің тасымалдаушыға моральдық шығынның орнын толтыру бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлады Aikyn.kz. Бұл туралы Qostanay.TV жариялады.
Оқиға 2024 жылдың тамыз айында болған. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетуіннен сақтанып, кенеттен қоғамдық көлікті тоқтатқан. Салдарынан автобус ішіндегі зейнеткер құлап, абайсызда денесін жарақаттап алған.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зейнеткерде мойын омыртқаларының жабық сынуы анықталған. Жарақатының ауырсынғаны соншалық, оны арты рефлекторлы бұлшықет синдромына ұласты. Салдарынан зейнеткердің денсаулығына қатты зияны тиген.
Сот істі талқылауы барысында қоғамдық көлік жүргізушісі өз еркімен ем-домының ақысы ретінде зейнеткерге 300 мың теңге бергені белгілі болды. Жалпы, заң бойынша айыпталушы кінәсі болмаса да алда-жалда адамның өміріне қауіп төндіргені үшін моральдық шығынды өтеуі тиіс. Соған қарамастан, сот осыған жауапты қызметкердің өз еркімен төлем жасағанын ескерді. Сөйтіп парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге ала отырып, сот жәбірленушінің пайдасына 200 000 теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттеді.