Құтқарушылар сәбиге көмекке келді.
Оқыс оқиға: Атырау облысында сәби кір жуғыш машинаға қыстырылып қалды
Фото: ТЖМ
1,134
оқылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы аттас ауылда 2 жасар сәби ойнап жүріп, кір жуғыш машинаға қыстырылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Баланы өздігінен шығара алмаған анаға құтқарушылар дереу көмекке келіп, сәбиді жұбатып, жабдықтан сәтті шығарып алды. 

Балақай зардап шеккен жоқ. 

«Құрметті ата-ана, баланы қараусыз қалдырмаңыз! Оқыс оқиғалардың алдын алыңыз!» - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.