Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Табысқа бастар жол": Абиба Әбужақынова өз ісін ашпақ
2,342
оқылды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова өзінің жеке дзюдо үйірмесін ашпақ, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы болмақ. 

«Дзюдо үйірмесін ашамын. Бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы. Бұл – тәртіп пен ерік-жігер және де табысқа бастар жол болады», – деді Абиба Әбужақынова өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік,  Абиба Әбужақынова – екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соңғы рет Будапеште өткен Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.