Ол еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады.
Арман Әбдірәсілов Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды
778
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

  • Туған жылы: 1980 жыл
  • Туған жері:  Ақмола облысында дүниеге келген.
  • Білімі: 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады.  

2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті. 

2013-2020 жылдары – "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ компаниялар тобының директоры.