Оқиғаға байланысты ауруханада қызметтік тексеріс басталды.
Қостанай облысында тағы да медицина қызметкерін ұрып жіберген
409
оқылды

Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне келген әйел мен мекеме қызметкері арасында жанжал туындап, ашуға булыққан әйел тіркеушіге күш қолданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаға байланысты ауруханада қызметтік тексеріс басталды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметкерлерге қысым көрсетуге немесе күш қолдануға жол берілмейтінін қатаң ескертеді.

"Қостанай облыстық ауруханада болған оқиғаға байланысты "соққыға жығылу фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жанжалға қатысы бар екі тарап та қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың жауабы алынып, болған жайттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Айта кету керек, ауруханада кезекшілік еткен полиция қызметкері оқиғаға дер кезінде араласып, жанжалдың шығуына жол бермеді", – дейді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.