Ол Ресей Федерациясында еңбек еткен кезеңінде қарулы күштермен келісімшартқа отырып, ұрыс қимылдарына қатысқан. Сол жерде ол оқ-дәрі жарықшағынан жарақат алған.
Атырау тұрғыны Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін сотталды
1,758
оқылды

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР ҚК 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» бойынша шетел мемлекетінің қарулы қақтығысына қатысқаны үшін 5 жыл бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол – Ресей Федерациясында еңбек еткен кезеңінде қарулы күштермен келісімшартқа отырып,  ұрыс қимылдарына қатысқан. Сол жерде ол оқ-дәрі жарықшағынан жарақат алған.

Айта кету керек, ҚР ҚК 170-бабы «Жалдамалылық» бойынша Қазақстан азаматтарына 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 Баян Жанұзақова