Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тіледі.
«Осы күнді асыға күттік»: Сәкен Майғазиевтің келіні қуанышын жеткізді
Фото: instagram.com/ adiyassn
4,485
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол күйеуі Әділетпен заңды некеге тұрғанын айтты.

"Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды, сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік", – деп жазды Әдия Stories-те.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тіледі. Алайда кейбірі олардың енді некеге тұрғанына таңданысын жасырмаған.

"Қандай керемет жаңалық! Алла тіл-көзден сақтасын", "Хайырлы неке болсын! Жарқын болашақ тілеймін", "Құтты болсын! Бақытты болыңдар", "Сонда осы уақытқа дейін некеде болмадыңдар ма?", "Екі айдай некесіз бірге тұрғансыздар ма?" – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Adiys (@adiyassn)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.