«AMANAT» партиясының хатшысы, партия жанындағы Әйелдер қанаты төрайымы Шолпан Каринова және Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры Жанар Бектаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорында қызмет атқаратын әйелдермен кездесті.
Еңбек майданындағы әйелдердің рөлі зор
3,951
оқылды

2025 жыл жұмысшы маман­дықтардың қоғамдағы беделін арттырып, жастар арасында сұра­нысқа ие мамандықтарды дәріп­теу мақсатында «Жұмысшы ма­мандықтар жылы» деп танылды. Бұл бағытта «AMANAT» партиясы ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, тәжі­рибелік семинарлар, оқытулар мен мемлекет тарапынан ұйым­дастырылып отырған түрлі бағ­дарламаны насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. 

Орал қаласындағы «Зенит» кеме жасау зауыты, «Жайық­жы­луқуаты» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», «Желаев» нан өнімдері ком­бинаты, «Кублей» ЖШС, «Орал трансформатор» зауытындағы кәсіби жұмыстарды ерлермен теңдей атқарып жүрген әйел­дер­мен кездесуде Шолпан Таңатқызы партияның Әйелдер қанаты әркез жұмысшыларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Іс-ша­раларда әйелдерге қатысты еңбек қатынастарының заңды жүргі­зілуі, бала күтіміне байланысты декреттік демалыстан шыққан әйелдерге қатысты әлеуметтік кепілді сақтау, кәсіпорынның имиджін қалыптастыруда әйел­дердің жұмыс көрсеткішін ескеру тақырыптары қозғалды.

– Қазір ірі зауыттарда, кәсіп­орындарда, шағын және орта бизнес субъектілерінде қызмет атқарып жүрген әйелдер саны өсіп келеді. Бұл жерде біз әрқашан қай жерде жұмыс атқармасын, әйелдердің жұмыс уақытында, еңбек өтілінде ескерілуі қажет тұстар бар екенін нәзік жанды­ларға жеткізгіміз келеді. Заң аясын­да өз құқықтарын білуге ша­қырамыз. Сол себепті де әр­түрлі бағытта қызмет атқаратын ұйымдарды аралап, өз көзімізбен көріп шықтық. Кей мекемелердегі ұжымдық мәдениеттің жоғары деңгейде қалыптасқанын, қыз­мет­керлерге тегін түскі ас, жұмыс киімдері жеткілікті қамтамасыз етілгенін көріп отырмыз. Ұжым­дық шарттардың жоғары деңгейде орындалып жатқанынан да куә болдық, әлеуметтік мә­се­лелердің ескерілуі қажет тұстарға тоқтал­­дық, сонымен қатар әйел­дер та­рапынан ұсыныстарды да тыңда­дық. Алдағы уақытта жұмыс жос­па­рында аталған мәселелерді қарастыратын боламыз, – деді партия хатшысы Шолпан Ка­ринова.

Зарина КАИРОВА,

«AMANAT» партиясы 

БҚО филиалы баспасөз хатшысы