Алматы облысының таулы аймағында жыл он екі ай демалуға арналған заманауи туристік нысан – Aqtas жобасы іске қосылды. Қиын климаттық жағдайлар мен күрделі рельефке қарамастан, жобаның бірінші кезеңі небәрі 11 айда аяқталды.
Тау басындағы тартымды жоба
5,173
оқылды

Соңғы жылдары Қазақстан­дағы туризм саласы қарқынды дамуда.  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлт­тық статистика бюросының мәлі­метінше, былтыр қонақүй және курорттық қызметтер көле­мі 30%-дан астамға өсіп, салаға салынған инвестициялар 980 мил­лиард теңгеден асты. Бұл өсім­нің маңызды бөлігі Алматы агломерациясының тау клас­теріне тиесілі. Дәл осы өңірде, көркем табиғат аясындағы әйгілі Oi-Qaragai курорты маңында 2024 жылы жаңа туристік клас­тер –Aqtas аймағының құрылысы басталды. Ал 2025 жылы ол толық­қанды туристік орталыққа айналып, жаңа инвестициялар мен туристерді тартатын нүкте болды.

Жаңа таулы демалыс аймағы теңіз деңгейінен 2 100 метрден жоғары биіктікте орналасқан. Оның басты ерекшелігі – Орта­лық Азияда алғаш рет іске қосыл­ған 10 орындық гондолалы аспа­лы жол. Бұл жол кешке дейін жұ­мыс істеп, қонақтарға күн бату мен түнгі Алматы панорамасын тамашалауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың сәуір айынан бастап жобаның келесі кезеңі – 100-ден астам адамға арналған мейрамхана мен конференц-залдың құрылысы қолға алынды. Курорт толығымен қазақстандық кәсіпкер Ерлік Балфанбаевтың жеке инвестициясы есебінен салынуда. Шетелдік қаржы тар­тылмаған. Қазір салынған инвес­тиция көлемі 44 миллион АҚШ долларынан асты, ал жобаның жалпы құны 160 миллион доллар деп бағалануда. Барлық кезең аяқ­талған соң мұнда 1 200-ден ас­там тұрақты жұмыс орны аш­ы­л­ып, жыл сайын шамамен 1,6 мил­лиард теңге салық бюджетке түсетін болады.

Қазақстандық тәжірибеде таулы жерде мұндай ауқымды жобаны 11 айда жүзеге асыру – өте сирек кездесетін жағдай. Биік таудағы логистика мен климат­тың қиындығына қарамастан, тиімді жоспарлау мен кезең-кезеңмен іске асырудың арқа­сында 2025 жылдың 1 наурызында аспалы жол алғашқы туристерді қабылдап, бизнес алғашқы кірі­сін түсіре бастады.

Алдағы айларда Aqtas айма­ғында бугельді көтергіш, глэм­пинг, алып әткеншектер мен ка­тапульта сынды экстремалды аттракциондар іске қосылады. Бұл нысанның жазда да, қыста да тартымды болуына жол аша­ды. Aqtas жобасы – Қазақстанда жеке бизнес пен тиімді басқару арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім жасау мүмкін екенін көрсететін жарқын мысал. Курорттың эко­номикалық үлесі де айтарлықтай: 2023 жылы салық түсімі 800 мил­лион теңгеден, ал 2024 жылы  1,5 мил­лиард теңгеден асты. Ішкі туризмді дамыту – енді тек шикі­­заттық экономикаға балама емес, жоғары әлеуеті бар дербес салаға айналуда. Aqtas – осы үрдістің нақты дәлелі әрі елі­міздің өзге ай­мақ­тарында да кеңі­нен тара­ту­ға болатын табыс­ты тәжірибе.­

 Асыл ТҰМАР