Ресми деректер бойынша, апаттың себебі мен қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр.
Сорбұлаққа батқан тікұшақ табылды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
2,648
оқылды

Жоғалған тікұшақты іздестіру операциясы нәтижесін берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Skifnews-ке сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да ведомстволардың күштері жұмылдырылып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ қолдауымен спутниктік деректерге негізделген математикалық есептеулер жүргізілді.

Аталған әдіс тікұшақтың болуы ықтимал аумағын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Іздестіру тобы сол аумақта жұмыс жүргізу барысында тікұшақтың сынықтарын және бір адамның мәйітін тапты.

Қазір оқиға орны қоршауға алынып, тергеу және сараптама жұмыстары басталды. Ресми деректер бойынша, апаттың себебі мен қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр.

25 шілдеде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен болатын. БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, тікұшақ бортында үш адам болған. Кейін олардың Амангелді Аман, Бақтияр Ержігітов және Нұржігіт Уйсенбаев екені айтылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.