Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, әсерлі жазба жариялады.
Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды
Фото: Instagram
2,478
оқылды

Қазақстандық танымал шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Instagram парақшасында ел күтпеген жаңалықты жария етті.

Шахматшы жүкті кезінде түскен суреттерін жариялап, жаңалығын бөлісті.

«Сен менің жүрегімде болған кезде, мен сені әлі кездестірмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Жансаяның жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесін басқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев. Жас отбасы алғаш рет ата-ана атанды. Олар 2023 жылы шаңырақ көтерген еді.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.