Алматыдағы Алғабас ықшамауданында төтенше жағдай орын алды. 12 қабатты үйдің бесінші қабатында терезе жуып жатқан әйел сыртқы кондиционердің кронштейніне ілініп қалып, өздігінен қозғала алмай қалған, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Көршілер жағдайды байқап, дереу 112 нөміріне қоңырау шалған. Диспетчер куәгерлер арқылы әйелмен байланысып, сабыр сақтап, қозғалыссыз тұруын сұрады.
Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары арнайы автосатыны қолданып, биіктікке көтерілді. Әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккен жоқ.