112 жедел қызметіне Алакөлде аралға жете берісте моторлы қайықтың бұзылып қалғаны туралы хабар түсті, – деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі. Қайықтағы адамдар өз бетімен жағаға жете алмай, көмек сұраған.
Шақырту бойынша оқиға орнына Ақши ауылындағы жедел-құтқару жасағы аттанды. Қайық жағадан шамамен 30 шақырым қашықтықта болған.
ТЖД құтқарушылары қайықтың ақауына байланысты қалып қойған үш ересек адамды жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.