Тамыздың соңғы күндерін осылай өткізсеңіз, қыркүйекті жаңа күшпен қарсы аласыз
Қыркүйек айы басталмай мына бес нәрсені жасап үлгеріңіз
istockphoto.com
1,264
оқылды

Жаздың соңғы күндері - бос уақытты тиімді өткізіп, күзге дайындалудың ең қолайлы кезеңі. Қыркүйек келгенде жаңа міндеттер мен қарбалас басталатыны белгілі. Сол себепті тамыздың соңғы аптасын мына бес іспен өткізуге тырысыңыз.

1. Денсаулығыңызды тексертіңіз
Күз бен қыс - иммунитетке сынақ уақыты. Алдын ала дәрігерге барып, жалпы тексерістен өту, витаминдер курсын бастау - суық тию мен шаршаудың алдын алады.

2. Үй мен жұмыс орнын реттеңіз
Артық заттардан арылып, керек-жарақты жүйелеп қою - жаңа маусымды жеңіл бастауға көмектеседі. Тазалық пен тәртіп ойға да, жұмысқа да сергектік сыйлайды.

3. Қаржылық жоспар жасаңыз
Күзде шығын көбейеді: оқу жылы, жылы киім, коммуналдық төлемдер. Қазірден бастап айлық бюджет пен үнемдеу жоспарын жасаңыз.

4. Достармен және отбасыңызбен уақыт өткізіңіз
Жаз - кездесу мен саяхат уақыты, бірақ көбіміз жұмыстан босай алмай жатамыз. Қыркүйек басталмай тұрып, жақындарыңызбен бір кеш немесе шағын саяхат ұйымдастырыңыз.

5. Жеке мақсаттарыңызды айқындаңыз
Жаңа маусым - жаңа жоспар. Күзде нені үйренгіңіз, қандай жетістікке жеткіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Мақсатты қағазға түсіріп, нақты қадамдар жоспарын жасаңыз.

Тамыздың соңғы күндерін осылай өткізсеңіз, қыркүйекті жаңа күшпен қарсы аласыз.