Ресей–Украина шекарасынан нысанаға дейінгі қашықтық шамамен 1300 шақырымды құраған.
Украина дрондары Татарстандағы «Шахед» қоймасын жойды
1,404
оқылды

Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) хабарлауынша, арнайы операциялар орталығына тиесілі дрондар Татарстан Республикасындағы Қызыл елді мекенінде орналасқан “Шахед” дрондарын сақтау қоймасын жойды. Онда дайын ұшқышсыз аппараттармен қатар шетелдік бөлшектер де сақталған.

СБУ дерегінше, дрон қойма ғимаратына дәл тиіп, жарылыстан кейін өрт шыққан. Ресей–Украина шекарасынан нысанаға дейінгі қашықтық шамамен 1300 шақырымды құраған.

Арнайы қызмет өкілдері “Шахед” дрондарын сақтау орындарын Украина үшін заңды әскери нысан деп атап өтті, өйткені оларды Ресей әр түн сайын ел аумағына шабуыл жасау үшін пайдаланып отыр.