Азаматтар СҚО-да стадионда сатылған дөнерден уланып қалған.
Дөнерден үш бала мен бір ересек адам уланды
Фото: ашық дереккөз
3,935
оқылды

Оқиға Мағжан Жұмабаев аудандық орталығында өтіп жатқан "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде болған.

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерекке қатысты тексеру басталды.

"Мағжан Жұмабаев ауданында тамақтан төрт адам уланған. Зардап шеккендердің үшеуі – бала, біреуі – ересек адам. Алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы 8 тамызда Булаев қаласындағы стадион аумағындағы сауда нүктесінде дөнер жеген. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.