Жалын 4,5 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қызылордада пәтер өртеніп, ішінде екі бала қалып қойған
Видеодан скриншот
970
оқылды

Бүгін Қызылорданың «Сол жағалау» шағын ауданындағы бес қабатты үйдің төртінші қабатында өрт болды. Балкон мен кейбір тұрмыстық заттар отқа оранған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер пәтердің есігін ашып, 2014 және 2016 жылы туған екі баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Жалын 4,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт қысқа уақытта өшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі тексерілуде.