Әлемді көру үшін міндетті түрде қалта қалың болу шарт емес.
Ақшаны жұмсамай саяхаттаудың 5 тәсілі
istockphoto.com
4,244
оқылды

Көп адам саяхат — қымбат дүние деп ойлайды. Бірақ әлемді көру үшін міндетті түрде қалта қалың болу шарт емес.

1. Волонтерлік бағдарламалар — Жол, тамақ, тіпті тұру шығынын ұйымдастырушылар көтереді. Мысалы, шетелдік фермаларда, лагерьлерде немесе мәдени жобаларда көмек көрсету арқылы жаңа елдерді тегін көруге болады.

2. Үймен алмасу (Home Exchange) — Басқа қала немесе елдегі адаммен белгілі уақытқа үйіңізді ауыстырасыз. Бұл — қонақүйсіз саяхаттаудың тамаша жолы.

3. Каучсерфинг — Жергілікті тұрғындар тегін қонаққа қабылдайды. Бұл тек ақша үнемдеу ғана емес, жаңа достар табудың да тәсілі.

4. Автостоп — Әлі де әлемнің көптеген елдерінде танымал. Бұл тек тегін жол емес, қызықты таныстықтар мен оқиғалар сыйлайды.

5. Жұмыс істей жүріп саяхаттау — Фриланс немесе маусымдық жұмыс арқылы кез келген елден табыс табуға болады.