7-10 тамыз аралығында өткен бәсекеде 20 елден 99 спортшы қатысқан.
Софья Самоделкина АҚШ-тағы халықаралық турнирде жеке рекордын жаңартты
Фото: iStock
573
оқылды

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

2026 жылғы қысқы Олимпиаданың лицензия иегері - Софья Самоделкина жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетіп, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты.

Қорытынды нәтиже:

Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 207,61 ұпай (70,69+136,92)
Софья Самоделкина - 203,15 ұпай (65,80+137,35)
Жиа Шин - 179,97 ұпай (62,12+117,85)

Айта кетейік, Cranberry Cup бәсекесі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және бұл Қазақстан тарихындағы бірінші жүлде ретінде тіркелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.