Астаналық құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекесіне орай 45 күнде 9 қабатты тұрғын үй салып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ерекше жаңалықты белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
- Бұл – бүкіл сала үшін зор серпіліс пен технологиялық жетістік. Пәтерлердің бір бөлігі бірден таза әрлеумен тапсырылады, - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, тамыз айының әр екінші жексенбісінде елімізде құрылыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді.