Еске сала кетейік, сот үкімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған еді.
Перизат Қайрат сотқа апелляциялық шағым түсірді
1,714
оқылды

Аса ірі көлемде алаяқтық пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша айыпталып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат сотқа апелляциялық шағым түсірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Перизат Қайрат сот шешімімен келіспейтінін айтқан болатын. Енді адвокат  Асланбек Дәулетияров оның апелляциялық шағым түсіргенін растады.

Еске сала кетейік, сот үкімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталған еді.

Оларға мүгедектігі бар балаларға, Таяу Шығыста зардап шеккендер мен Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек жинауға байланысты айып тағылған.

Cонымен қатар Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның мүлкінен 50 азаматтық талап-арызды қанағаттандыру үшін 1,5 миллиард теңге өндіріледі.

Олардан тәркіленетін мүлікке коттедж, төрт пәтер, «Мерседес» көлігі, гүл бизнесі және 97 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражаты кіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.