12 тамыз күні сағат 15:26 шамасында Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болды. Оқиға туралы хабар түскен сәтте Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оны қауіпсіз жерге шығаруға полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев та көмек көрсетті.

Нәтижесінде 41 жастағы азамат құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.