Атырау облысындағы тергеу изоляторында қылмыстық қателікке әкелген қызық жағдай болды. Изолятор қызметкерлері қателесіп, бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адамды емес, басқа бір адам босатып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қызметкерлер екі адамның тегі ұқсас болғандықтан, оларды шатастырып алған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде басқа адамның деректері түсіп кеткен. Құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойып, басқа ер адам босап шыққан.
Бостандық ұзаққа созылған жоқ. Қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адам изоляторға қайта қамалды.
Аталған оқиғадан соң изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері барған.