Арнайы операция барысында 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған жасырын өндірістік цех жойылды.
Тыйым салынған темекі өнімдерін өндіретін жасырын цех жабылды
Фото: gov.kz
815
оқылды

Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу фактісі бойынша Р.Омашев  пен Е.Ташпулатовқа  қатысты сот үкімі шығарылды. Аталған іс Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Арнайы операция барысында жалпы аумағы 1 000 шаршы метрді құрайтын және күнделікті 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған жасырын өндірістік цех жойылды. Шикізатты дайындаудан бастап логистиканы ұйымдастыруға және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы сату арналарына дейінгі қылмыстық әрекеттің толық схемасы анықталды.

Заңсыз айналымнан тыйым салынған 635 қорап дайын өнім мен азаматтардың денсаулығына зиян 57 канистр хош иістендіргіш  пен уытты қоспа  тәркіленді.

Сот санкциясымен өндірістік жабдықтар мен қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған автокөлікке тыйым салынды.

Сот заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларын кінәлі деп танып, оларға айыппұл жазасын тағайындады. Автокөлік пен жабдықтар мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.