Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады. Бұл жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдік біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:
- 57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
- 61 келіге дейін: Аллан Оралбек
- 65 келіге дейін: Ералы Жеңісов
- 70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет
- 74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып
- 79 келіге дейін: Ерхан Әбіл
- 86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин
- 92 келіге дейін: Камиль Куруглиев
- 97 келіге дейін: Самир Дурсунов
- 125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 17-24 тамыз аралығында өтеді.