Жүргізілген талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды.
Атыраудағы заңсыздық: 80 мұғалімге 11 миллион теңгеден көп өтемақы төленді
1,091
оқылды

Атырау қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр. Соның арқасында 80-нен астам педагогтің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жүргізілген талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды. Алайда бірқатар мектеп  пен балабақшада бұл талап орындалмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

33 лауазымды тұлға  қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысын жалғастырады.