ҚР Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы министрліктің Халықаралық қатынастар орталығы ресми түрде мәлімдеді.
– Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.
Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда, – делінген ресми ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.