Жыл сайын егіс және жиын-терім жұмыстарына арналған айналым қаражаты 5%-дық жеңілдікті мөлшерлемемен қаржыландырылады.
Биыл егін және жиын-терім жұмыстарына 700 миллиард теңге бөлінді
Фото: istockphoto
785
оқылды

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Вице-премьер мемлекеттік саясат шеңберінде саланың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған АӨК қолдау шаралары жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Жыл сайын егіс және жиын-терім жұмыстарына арналған айналым қаражаты 5%-дық жеңілдікті мөлшерлемемен қаржыландырылады. Алғаш рет 2025 жылғы егіс алқаптары жұмыстарына рекордтық 700 млрд теңге және отандық ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне 250 млрд теңге бөлінді, егіс жұмыстарын қаржыландыру өткен жылдың қараша айында басталды», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.