Байланыс операторлары 10-нан астам SIM-карта сатып алғысы келген адамнан қосымша ақпарат сұрай алады.
Қазақстанда SIM-карта сату ережелері өзгеруі мүмкін
Фото: alfa.kz
1,877
оқылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ашық НҚА" порталында бір қолға SIM-карта сату мәселесін көтерген жобаны жариялады.

"Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудағы басты мақсат биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу арқылы құқық бұзушылықтарды азайту, оператордың бір жеке тұлғаға 10-нан астам нөмір алу қажеттілігі туралы растауды сұрату құқығын қамтамасыз ету", - дейді жобадан күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері туралы министрлік өкілдері.

Министрлік не ұсынды:

-операторлар ұялы байланыс абонентіне оннан астам нөмірді ресімдеу;

-абоненттік нөмірді биометриялық идентификациядан өткізу арқылы ресімдеу; - алаяқтық белгілері бар күдікті SMS-хабарламалар және (немесе) қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау;

-ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұсынылған өзгеріс ұялы байланыс арқылы қылмыс жасау жағдайларын азайтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.