Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды.
Жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады: 15 тамызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
818
оқылды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды.

Астанада найзағай ойнап, екпіні 15-18 м/с жел соғады. Түркістан облысында қатты жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.

Ақтау, Ақтөбе, Павлодар қалаларында найзағай ойнайды. Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр, жел, дауыл соғып, найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар.

Атырау, Семей қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел тұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.