Семейдің орталығында, орталық полиция бөлімінің ғимаратынан небәрі бірнеше метр жерде, күндіз бірнеше ер адам өтіп бара жатқан азаматты соққыға жығып, пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Aikyn.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап.
Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Бұл полицияның көз алдында болған шабуылға байланысты жұрттың ашу-ызасын туғызды.
Полиция департаменті қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Күдіктілер ұсталып, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.