2024 жылдың шілде айында Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz Janabastau.kz -ке сілтеме жасап.
7-қабаттан құлаған Ақнәр Хамиттің ісі Антикорға өтті
Фото: ашық дереккөз
1,423
оқылды

Марқұмның өліміне қатысты адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Оның айтуынша, Антикор ҰҚК-ге қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.

"Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Аккредитация процесі аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады", – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат қазаға қатысы бар делінген қыздардың қазіргі жағдайына тоқталды.

"Олар Алматыда. Бұған дейін, яғни іс маған өткенге дейін Қытайға жиі кетіп жүрген. Қазір оларға елден шығуға тыйым салынды", – дейді ол.

Алматы қаласы Полиция департаменті де істің Антикорға жолданғанын растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.