Оның әйгілі хитін қазақша айтып шыққан қазақстандық әнші Мөлдір Байбұринова.
Дженнифер Лопес Instagram-да қазақша орындалған каверді бөлісті
Фото: ашық дереккөз
791
оқылды

Әйгілі әнші Дженнифер Лопес Instagram желісінде Ain’t Your Mama хитінің қазақ тіліндегі каверімен бөлісті, – деп хабарлайды Аikyn.kz  kursiv.media-ға  сілтеме жасап.

Отандық әнші Мөлдір Байбұрынова орындаған кавердің үзіндісін Дженнифер Лопес сторисінде жариялап, репост жасады.

«Джей Лоның сторисінен бір-ақ шықтым! Рахмет сіздерге», – деп жазды Мөлдір Байбұринова.

Желі қолданушылары қазақстандық әншінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі жұлдыздың байқағанын атап өтіп, оң пікірлерін жарыса жазуда.

Айта кетейік Мөлдір Байбұринова шетелдің әйгілі әндерін қазақша орындайды. Оның видеолары кеңінен танылып жүр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.