Жүргізушінің ұйқышылдығы мен шаршауы – жол-көлік оқиғасы себептерінің бірі болмақ. Бос жолда «көзді бір сәтке жұмып алуға болады» деген ой да апатқа әкелуі мүмкін.
Неліктен шаршау қауіпті?
- назардың төмендеуі және көру қабілетінің баяулауы;
- қозғалыс уақытының ұзақтығы;
- жылдамдық пен қашықтықты сезіну қабілетінің бұзылуы;
- құс ұйқыны жүргізуші байқамай, қалғып кетуі мүмкін.
Зерттеулерге сүйенсек, 17 сағат ұйықтамау ағзаға қандағы 0,05% алкогольге тең әсер етеді, ал тәулік бойы ұйықтамау – 0,1%-ға дейін, яғни шаршау адамға мас болумен бірдей деңгейде әсер етеді.
Ғалымдардың айтуынша, шаршаған адам минутына шамамен 60 рет көзін жыпылықтатады, әр жыпылықтау 70 миллисекундқа созылады. Бұл бір минут ішінде шамамен 4 секунд көздің жабық болуына тең.
Тыныққан күйде болу үшін не істеу қажет?
-Сапар алдында жақсылап ұйықтау.
-Әр 3–4 сағат сайын үзіліс жасап, сергіп, су ішу.
-Ағзаның ұйқыға бейімделетін түнгі уақытта жолға шықпау.
-Өз ағзаңыздың белгілеріне құлақ асу: есінеу, көpдің бұлдырауы байқалса – бірден тоқтау қажет.
Уақтылы демалған және үзіліс жасап отырған жүргізуші жолда сенімдірек болады және кез келген жағдайға жылдамырақ әрекет етеді. Егер ұйқышылдық сезілсе – оған қарсы тұрмаңыз. Көліктен шығып, таза ауада серуендеп, қысқа уақытқа көз іліп алуға тырысыңыз. Бірнеше минуттық тынығу өзіңіздің де, өзгелердің де өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.