Әнші Instagram парақшасында өлең жолдарын жариялаған.
«Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды
instagram.com/m_besbaev
7,413
оқылды

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өз Instagram парақшасында ақын Ақберен Елгезектің өлең жолдарын жариялаған. Желі қолданушылары бұл жазбаны ерекше ықыласпен қабылдап, «ой салатын өлең екен», «терең мағынасы бар» деген пікірлерін қалдыруда.

Өрт пе мынау, теңіз бе?
Қызыл шашы жалқындап,
Жанарымды шарпиды қою-қою толқындар.
Көкжиекте ақ бұлттар қызыл түске боялып,
Өкси-өкси көшуде, ауыр-ауыр ой алып.
Кіндігінде теңіздің иірім бар ұршықтай,
Қанша кеме бұл жерден өте алмаған тұншықпай.
Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы...
Қаперімнің бетіне қалқып шығар қай күні?