Аягөзден науқас ер адам Семей қаласына дер кезінде жеткізілді.
Дәрігерлер науқасты тікұшақпен тасымалдауға мәжбүр болды
Видеодан скриншот
438
оқылды

Абай облысында Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы санитарлық авиация желісі бойынша шұғыл көмек көрсетті.

Аягөзден науқас ер адам Семей қаласына дер кезінде жеткізілді. Оны алып шығу үшін МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілді. Ұшақ бортында бес экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болды.

 

Дәрігерлердің айтуынша, жедел көмек дер кезінде көрсетілгендіктен, науқасқа қажетті емді уақытында жасауға мүмкіндік туды.