Бұл туралы мәслихаттың ресми сайтында жарияланды.
Астанадағы LRT стансаларының атауы анықталмақ
CTS.kz
3,903
оқылды

2025 жылы 19 тамызда сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. Бұл туралы мәслихаттың ресми сайтында жарияланды.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 

  1. Астана қаласының жеңіл рельсті көлік стансаларына атау беру туралы.
  2. «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 62/7-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  3. Астана қаласында құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
  4. Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.