Украиналық ережесіз жекпе-жек шебері Даниил Донченко Әліби Ыдырыс жайлы пікірін білдірді.
«Қазақ пен украин – бір туған»: украин азаматының қазақ спортшысы туралы сөзі
2,284
оқылды

Украиналық ережесіз жекпе-жек шебері Даниил Донченко (11-2) (Қазақстандық Naiza ұйымының бұрынғы  Әліби Ыдырыспен бірге The Ultimate Fighter турнирінің финалына шықты.

Алайда, бразилиялық Родриго Сезинандоның (8–1) жарақатына байланысты жартылай орта салмақтағы финал UFC 319-дан UFC Noche турниріне (13 қыркүйек) ауыстырылды.

Naiza-ға берген сұхбатында Даниил Донченко Әлібимен бауырдай болып кеткенін айтты:

«Бұл шоудағы ең жақын бауырым – Әліби. Біз бәрін иық тіресе өткіздік. Үйде де, дайындықта да бір-бірімізді қорғап жүрдік. Қазір өзара қалжыңдап, «қазақ пен украин – бір туған» дейміз», – дейді Донченко.