Оның нақты қандай себептері бар екені ғылыми түрде толық дәлелденген жоқ.
Елімізде 100 баланың біреуі жүрек ақауымен дүниеге келеді
2,019
оқылды

Кардиолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейітхан Жошыбаевтың айтуынша, дүниеге келген әр 100 баланың біреуінде жүрек ақаулары болады. 

Туабітті жүрек ақаулары жүктіліктің алғашқы үш айында пайда болу қаупі жоғары. Сондықтан болашақ ана құрсағына бала біте салысымен денсаулығын жақсы күтіп, түрлі инфекциялар жұқтырудан, суық тигізуден сақ болу керек.

Соңғы ақпараттар бойынша, елімізде жыл сайын 5 мыңға тарта сәби жүрек ақауымен дүниеге келеді. Мәселен, Түркістан қаласында 185 бала туа біткен жүрек ақауы диагнозымен тіркелген. Бұл жоғары көрсеткіш және жыл сайын 30-40 балаға өседі.

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургтері мен кардиолог дәрігерлері осындай балаларды Астанаға сабылтпай, облыс орталығындағы емханада қабылдайды. Науқастарға тегін кеңес беріп, ультрадыбыстық зерттеу аппараты арқылы балалардың жүрегін тексереді. Мамандардың сөзінше, басты мақсат – ерте диагностика жасап, жүрегінде ақаулары бар балаларды емдеу.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.