Эйр Канада» бірлестігіндегі наразылық акциясына 10 мыңнан аса бортсерік қатысып жатыр. Ереуілшілер жалақының аздығына наразы.
Компания басшылығы алдағы 4 жылда еңбекақыны 38 пайыз көтереміз деп отыр. Алайда борт серіктері «айлыққа қосылған азын-аулақ ақшаны «инфляция жеп қояды» дейді.
Үкімет тараптарды ортақ келісімге келуге шақырды. Өйткені ереуілден 130 мың жолаушы діттеген жеріне жете алмай әлек. Ал компания билет құнын тек бір аптаның ішінде қайтарамыз дейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.