Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің 3-қабатында болған.
Өскемендегі өрт: екі адам пәтер ішінде қамалып қалды
Видеодан скриншот
2,968
оқылды

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің подъезінде электр қалқаны тұтанды. Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің 3-қабатында болған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақ алаңын басқан түтін арасынан құтқару қалпақтарының көмегімен екі адамды құтқарып шықты. Сондай-ақ, тағы алты тұрғын, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, тұрғындар аман қалды.