Украина бұл шарттарды қабылдамайтынын мәлімдеді.
Путиннің бейбіт ұсынысының сұлбасы белгілі болды
3,649
оқылды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты аяқтау үшін Дональд Трамппен Аляскада өткен кездесуде бейбіт келісімнің алғашқы нобайын ұсынды.

Reuters дерегінше, Ресей кейбір аймақтардан әскерін шығаруға дайын, бірақ Донбасс пен Киев бақылауынан тыс қалған өңірлерді өзіне беруді талап етуде. Сондай-ақ Херсон мен Запорожье бағытында атысты уақытша тоқтату ұсынылған.

Украина бұл шарттарды қабылдамайтынын мәлімдеді. Президент Владимир Зеленский Конституцияға сәйкес аумақтан бас тартуға болмайтынын қадап айтты. Еуропалық одақ басшылары да Киевтің қатысуынсыз ешқандай келісімді мойындамайтындарын жеткізді.