Билік жағдайды бақылауға алу үшін мыңдаған өрт сөндіруші мен әскерилерді жұмылдырды.
Испанияда аптап ыстықтан 14 ірі орман өрті тіркелді
istockphoto.com
3,526
оқылды

Испанияда аптап ыстықтан орман өрттері күшейіп тұр. Елдің әр аймағында 14 ірі өрт ошағы тіркелген. Билік жағдайды бақылауға алу үшін мыңдаған өрт сөндіруші мен әскерилерді жұмылдырды.

Reuters дерегінше, өрт негізінен елдің солтүстік-батысы мен орталық өңірінде өршіп, ондаған ауылдар мен елді мекендерден тұрғындар эвакуацияланды. Мамандардың айтуынша, аптап ыстық пен құрғақшылық өрттің таралуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Синоптиктер алдағы күндері Испанияда ауа температурасының тағы да көтерілуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Бұл жаңа өрт ошақтарының пайда болу қаупін күшейтеді. Билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.