Келесі кезеңде төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эвакуациялық платформалар орнату жоспарланған.
LRT желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды
Фото: Еуразия Бірінші арнасы
3,821
оқылды

Астанадағы LRT жобасының негізгі кезеңдерінің бірі – рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.  Құрылысшылар жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын негізгі желіде рельстерді орналастырып бітті.

CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, №101–118 стансалар аралығында және олардың қосылыстарында 89 600 погондық метр рельс төселген. Қазір дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр, ал жақын күндері рельстердің соңғы бекітілуі басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.