Руслан Берденов айыпталушы Ернар Жиенбаймен жақын таныс емес екенін айтты.
«Мынау түріңмен сенімен жұмыс істей алмаймыз»: Руслан Берденов сотқа онлайн қатысты
www.gov.kz
4,370
оқылды

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сот отырысына жәбірленуші Руслан Берденов онлайн түрде қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.

Руслан Берденов айыпталушы Ернар Жиенбаймен жақын таныс емес екенін айтты. 

 

«Жиенбайды бұған дейін үш рет көрдім. Кездесулерде екі рет көргем,  оқ атқан күні үшінші рет көруім», — деді ол.

Берденов Жиенбайды кеңсесіне шақырып, есеп сұраған. Бірақ айыпталушының қолында ешқандай құжаттар болмаған. Ол кеңседе әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевпен жанжалдасып кетеді. Сонда Берденов Ернар Жиенбайға:

«Мынау түріңмен сенімен жұмыс істесе алмаймыз» деген. Жиенбай: «Керек болса, жұмыстан шыға саламын» депті. 

Берденовтің айтуынша, бір аптадан кейін Жиенбай әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевқа қоңырау шалып, қорқытқан екен. Ол әкімдік инспекторына «Мен біреуді өлтіремін, не өзім өлемін» деген. Ахментаев Жиенбай мас болғандықтан  сөздеріне аса мән бермеген көрінеді. 

Айыпталушы мен жәбірленушінің алғашқы кездесуінде киімге қатысты да дау туған. 

«Киім үлгісіне қатысты әңгіме болды. Өйткені ол джинси киген екен. Сендер этикет сақтамайсыңдар ма? Сендерде киім үлгісіне қарамай ма, деп бір ескерту жасадым», – деді Берденов.