Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, бірнеше күн бұрын ана мен қыз арасында тұрмыстық жанжал болып, жанжалдың соңы қайғылы жағдайға ұласқан.
«Мәйіті екі күн жатты»: Астанада ашуға булыққан қыз анасын пышақтап тастаған
1,082
оқылды

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде қылмыстық оқиға тіркелді. Пәтерден 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның дерегінше, күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызы ұсталған. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, бірнеше күн бұрын ана мен қыз арасында тұрмыстық жанжал болып, жанжалдың соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Қыз ашу үстінде анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, мерт қылған.

Қайғылы жайттан кейін ол ешқайда хабар бермей, пәтерде екі күн бойы анасымен бірге болған. Көршілердің дабылынан кейін ғана полиция келіп, мәйітті анықтады.

 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.