Оқиға салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді.
«Біреуі ауруханада, екіншісі көз жұмды»: Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды қағып кетті
950
оқылды

Астанада 18 тамызға қараған түні жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші белгіленген жол белгілерін ескермей, жөндеу аумағында жүрген екі жұмысшыны қаққан.

Оқиға салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады", – делінген хабарламада.