Бұл ауқымды жоба Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жемісі.
Қазақстанда Samsung тұрмыстық техникасы шығарыла бастады
Фото: samsung.com
410
оқылды

Қарағанды облысының Сарань қаласындағы Silk Road Electronics зауыты Samsung теледидары мен кір жуғыш машинасын шығара бастады. Бұл ауқымды жоба Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жемісі. Сондай-ақ отандық тұрмыстық техника өндірісінің жетістігі деуге болады.

Өндіріс халықаралық сапа стандартына сәйкес заманауи желімен жабдықталды.

Кәсіпорын келешекте жылына 1 100 000 тұрмыстық техника шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде зауытта Samsung өнімдері бойынша теледидардың 21, кір жуғыш машинаның 17 түрі жасалады.
Өзімізде шығатын Samsung тұрмыстық техникасы қыркүйек айынан бастап дүкендердегі импортты алмастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.