Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің өзіне дейінгі некесінен туған ұлы Әлішерді жаңа жасымен құттықтап, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз!!! Ажартайдың АҚАСЫ! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын!!! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен “МАМА” деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын!!! Әмин, – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Айта кеткен жөн, Тамара Асардың жолдасы – қостанайлық кәсіпкер. Қазір екеуінің ортақ бір қызы бар.