Air Astana жолаушыларға маңызды хабарландыру жариялады.
Астана әуежайында жөндеу жұмысы жүреді
Фото: ашық дереккөз
2,020
оқылды

Елорда әуежайында алдағы уақытта жөндеу жұмыстары басталады, ол Air Astana рейстерінің кестесіне әсер етеді, – деп хабарлайды Аikyn.kzәуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компаниясының мәліметінше, елорда әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін және 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін Air Astana рейстерінің кестесі уақытша өзгереді.

"Өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Стамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады. Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерінен айырылған жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылды", – делінген хабарламада.

Air Astana рейстің өзектілігін тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығында анықтауға болатынын еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.